Альвеолалы өсіндінің сынуы

Төменгі жақ сүйегі альвеолалы өсіндісінің бір сынығы өте сирек кездеседі. Альвеолалы өсінді, төменгі жақ сүйегінің бүйір, жиі орталық бөлімдерінде сынады. Осындай түрдегі сынықтар альвеолалы өсіндіге немесе тіс түскен күш әсірінен дамиды.

Орталық бөлімде альвеолалы өсінді толығымен орнынан тайған немесе сынған тістермен бірге сынуы мүмкін.

Бүйір бөлімдерінде альвеолалы есінді сирек сынады, алайда, тіл жағына ығысқан сынық бөлшектері де кездеседі.

Байқалмайтын тістесудің бұзылысы анықталады. Науқасты тексеруде, альвеолалы өсінді аймағы кілегей қабығының жыртылғанын, көптеген қайталау орындарын көруге болады; кілегей қабық әдетте, көлденең бағытта жыртылады.

Пальпацияда, көптеген жағдайларда, альвеолалы өсіндінің патологиялық қозғалғыштығы анықталады. Кейде, оның жақ сүйегінің орталық бөлімінде сынуда, бір немесе бірнеше тістердің зақымдық жұлынуымен де байланыстылығы байқалады. Тістердің мойнына жанасқан кілегей қабық домбыққан, көп көлемді қанталаған. Төменгі жақ сүйегі альвеолалы өсіндісінің зақымы өндірістік зақым нәтежесінде дамиды, мысалы, машина немесе тракторды тұтатарда құралдың тиюімен, боксерлерде, егер, қорғаныс шендеуіші кимеген жағдайда.

ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ ДЕНЕСІНІҢ СЫНУЫ

А) Т ө м е н г і ж а қ д е н е с і н і ң о р т а ң ғ ы б ө л і г і н і ң ж а л ғ ы з с ы н ы ғ ы. Осындай сынықтарда көбінесе сынықтардың біраз ығысуы байқалады. Бұл шайнау бұлшық етінің біркелкі әсер етуімен түсіндіріледі, сонымен қоса сынықтың сызықты сипатымен түсіндіріледі.

Сынық сызығы ешқашан тек қана ортасынан өтпейді. Оның себебі, төменгі жақ сүйегі аймағынады ортаңғы сүйек тігісінің сызығы біраз қалыңдаған.



Ортаңғы бөлімде сынық сызығы қисық жазықтықта өткенде, сынықтардың тік бағытта ығысуы байқалады. Бұл АО аймағында сынық сызығы ортаңғы күрек тістер арасымен өтеді, ал денесіне өткенде ортасынан бір жағына немесе басқа жаққа иіледі.

Ортаңғы аймақтағы сынықтар көлденең жазықтықта ығысуы мүмкін. Сынықтар тік бағытта ығысқанда тіс доғасы аздап тарылады, ол тістесудің бұзылуына соқтарды. Кішкентай сынық тіл бағытына ығысады.

Ортаңғы аймақта бірсызықты сынықта қатты ауру сезімі болмайды, кілегей қабаттып жыртылған, өйткені сынықтардың тез ығысуы байқалмайды. Сынық сызығында орналасқан тістер, көбінесе сақталады. Бірақ осындай сынықтарда сынықтар орнына тез салынады, оларды бекіту қиындықтарды туғызбайды.

Б) Т ө м е н г і ж а қ т ы ң д е н е с і н і ң ж а л ғ ы з с ы н ы ғ ы. Сынық саңылауының орналасуының келесі негізгі түрлерін ажыратады.

1. Төменгі жақ денесіне сынық саңылауы перпендикулярлы өтеді.

2. Жақтың альвеолярлы өсіндісінің төменгі қырына тік түсіп, сынық саңылуының көлденең осьінен өтеді:



а) сыртқа компактты табақшада сынық сызығы алдына қарай жақын өтеді, тіл жағына қарағанда; сынық саңылауы арта және ішінде өтеді;

б) сыртқы компакты табақшада сынық сызығы, жақтың ішкі бетінің сызығының артында орналасады; сынық саңылауы жақ денесінің артқы бетінің алдыңғы және ішкі бетін қиып өтеді.

3. АО басталып, көлденең жазықтықта сынық саңылаулары бұрышында және төменгі жақтың артқы қырының аймағында бітеді. Осындай сынықтардың ішкі және сыртқы компакты табақшасының зақымдалуының 3 түрін ажыратада:

а) сынық сызықтың екі жағыда бір жазықтықта жүреді, бір-біріне паралельді;

б) компакты табақшаның сыртқы сынық сызығы алдына қарай жақынырақ орналасады, тіл бетіне қарағанада;

в) компакты табақшаның сыртқы сынық сызығы жолақтың артқы жағында орналасады, тіл жағында өтеді;

4. Сынық саңылауы, АО басталып, бұрышында горизонтальді жазықтықты қиып өтіп және төмені жақтың алдыңғы жиегі аймағында бітеді;

а) Сынық сызығы екі жағынан да компакты табақша бір деңгейде өтеді, бір-біріне паралелль;

б) Сынық сызығы сыртқы бетінде алдына жақын орналасқан, тіл бетіне қарағанда;

в) Сынық сызығы сыртқы компакты табақшаның артқы сызығында орналасады, ішкі компакты табақшада орналасқан.

5. Сынықтың беті айқын тегіс емес бұдыр және компакты табақшаның сынықтарында сызығы сынған.

Төменгі жақтың бүйір бөлігінің сынықтары, иекасты тесігінен өтетін немесе оның артында орналасқан сынықтар, айқын ығысатын болса тамыр-нерв шоғырының зақымдалуымен жүреді, ол қатты ауру сезімін тудырады немесе сол жердің төменгі ерінінің сезімталдығы жойылады; айқын қан ағулармен қосарланады.

В) Т ө м е н г і ж а қ т ы ң о р т а ң ғ ы а й м а ғ ы н ң е к і ж а қ т ы с ы н ы ғ ы. Бұндай сынықтар сирек кездеседі. Ортаңғы сынық төменге қарай ығысады, ал бүйірлік үстіге және біраз ортаға және ішіне қарай ығысады. АО аймағында соққы күшіне байланысты және сынықтардың ығысу дәрежесіне қарай кілегей қабат жыртылады.

Осындай жағдайда сынықтардың ығысуы тістесуді айқын бұзады.

Г) Т ө м е н г і ж а қ д е н с і н і ң б ү й і р л і к а й м а ғ ы н ы ң е к і ж а қ т ы с ы н ы ғ ы. Сынықтың ораналасуына және сынық сызығының өту жолына байланысты айқын немесе қатты айқындалмаған сынықтардың ығысуы жүреді. 5,6 тіс арасынан вертикальді сынық сызығы өткенде әдетте ортаңғы сынық ығысады, (төменге артқа және төменге), ал бүйірлік жоғарыға тартылады.

Осындай сынықтарда сынық әдетте қатты қозғалады. Тамыр-жүйке шоғырының зақымдалуынан осы сынықтарда қатты ауру сезімімен қосарланады, ал кейде және айқын қан ағады, сынық сызығы бойында кілегей қабат жыртылады.

ТӨМЕНГІ ЖАҚ БҰРЫШЫ АЙМАҒЫНЫҢ СЫНЫҚТАРЫ

Көп жағдайда төменгі жақ бұрышының сынығы тік күш түсіргенде пайда болады. Қатты күш түспегенде сынық сүйекастыүсті ығысусыз болуы мүмкін; қатты күш түскенде айқын ығысады, ол сынық сызығына байланысты. Егер сынық сызығы шайнау және медиальді қанаттәрізді бұлшық етінің бекітілген жерінің алдынан өтсе, онда сынық айқын ығысады. Тірек нүктесін жоғалтады, бұтағы жоғары көтеріліп және біраз ішке қарай ығысады. Үлкен сынық төменге түсіп ал кішісі алдыға және жоғарыға. Тістесудің айқын ашылатын жері ол шайнау тістер аймағында. Егер сынық сызығы шайнау бұлшық етінің бекітілген жерінің астынан өтсе, онда ығысу болмайды.

Төменгі жақтың сынықтары әдетте шағылысқан сынық болып келеді, бірақ бір жағын ұрғанда немесе құлағанда сынық қарама-қарсы жақтан пайд болады.

Төменгі жақтың тіс қатары шекарасында әртүрлі аймақтарының зақымдалуының жиілік анализінде, көбінесе 8 тіс, иекасты тесігі және иттіс ұяшығында аймағында байқалады. Сынық саңылауы және тіс түбірі аймағы зақымдалу қатынасының нұсақалары бар:

1) Сынық саңылауы АО тіс арасынан басталады, төменгі жақ жиегіне түсіп, тіс ұяшыған айналып өтеді;

2) Сынық саңылауы тіс ұяшығы қабырғасынан басталып, түбір ұшына жетпей, периодонтальді саңылау бойымен өтіп және төменгі жақтың төменгі жиегіне бағытталады;

3-4) Сынық саңылауы бір тіс ұяшығы аймағында басталып, түбір ұшына жетпей, екінші ұяшықтың түбір ұшын зақымдап және жақтың төменгі қырына бағытталады;

5) сынық саңылауы екі түбірлі тіс аймағында орналасса онда ұяшықтың медиальді және дистальді түбірінің тұтастығы бұзылады ( немесе екеуінікі бір уақытта);

6) сынық саңылауы тістің бір қабырғасынан басталып, түбір ұшына өтіп және жақтың төменгі қырына түседі.

ТӨМЕНГІ ЖАҚ БҰТАҒЫНЫҢ СЫНЫҒЫ

Зақымдалу жиілігінің бірінші орнында айдаршықты өсінді, содан кейін бұтағы, соңында, тәждік өсінді.

Егер, сынық жазықтығы самай бұлшықетінің бекіген жерінен төмен өтсе, сынықтардың ығысуы жүреді, самай аймағына қарай. Тәж тәрізді өсіндінің сынығы бар науқастарда ауыз ашылуы 1,5-1 см шектелген, тістесу бұзылған, бірақ төменгі жақ жібергенде ол зақымдалған жағына ығысады. Бұтақтың алдыңғы қырын сипағанда тәж тәрізді өсіндінің негізі аймағында айқын ауру сезімі анықталады. Төменгі жақ бүйір проекциясының рентгенограммасын ауызды максимальды ашқанда осындай сынықтардың диагностикасын жеңілдетеді.

Төменгі жақ бұтағының сынықтары көп кездеседі, тәж тәрізді өсіндінің зақымдалуына қарағанда. Олар зақмыдалу жағында пайда болады және көбінесе жарқымалы болып келеді. Осындай сынықтардың жарқыншақтарының ығысуы және тістесудің бұзылуы сирек кездеседі. Тексергенде ауыз ашылуының шектелуі байқалады, сонымен қоса төменгі жақ жібергенде зақымдалған жеріне ортаңғы сызықтық ығысуы қосарланады. Пальпацияда бұтағының артқы бетінің ауруы анықталады, иегіне күш түсіргенде сынық бойының ауруы анықталады. Диагнозды рентгенологиялық зерттеу арқылы нақтылайды.

Айдаршықты өсінді зақымдалғанда өсінді негізінің сынуы байқалады, күш түсірген себептен пайда болаы. Күш түсу нүктесі болып көбінесе иектің латеральді бөлігі және жақ денесінің бүйір бөлігі болып келеді.

Айдаршықты өсінді (негізі) зақымдалғанда саңылауы, жартыай кесіндісінен басталып, астыға және артына қиғаш өтеді.

Көп жағдайда осындай орналасуда сынық сызығының зақымдалуында сыртқы және ішкі пластинкасы сәйкеспейді.

Төменгі жақ мойын аймағында көлденең және қиғаш сынықтар болады. Көбінесе қиғаш сынықтарда сыртқы жағында сынық сызығы жоғары өтеді, ішкі сызығына қарағанда.

Қиғаш сынықтарда сияқты, көлденең сынықтарда ығысқан уақытта төменгі жақтың басының шығып кетуі байқалады.

ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ ОҚСЫЗ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ (диагностикалық) ЖІКТЕЛУІНДЕ

І. Орналасуы бойынша

1. Жақ денесінің сынығы:

а) сынықы саңылауында тістің (тістердің) болуы;

б) сынық сауылауында тістің (тісетердің) болмауы;

2. Жақ денесінің сынуы:

а) бұтағының өзі;

б) тәждік өсінді;

в) айдаршықты өсінді;

ІІ. Сынықтың сипатына қарай.

1. Сынықтың ығысуымен, сынықтың ығысуынсыз;

2. Сызықты, жарқыншалы;

ТӨМЕНГІ ЖАҚТЫҢ СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЕМІ.

Сынықтардың иммобилизациясы уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік).

І. Уақытшалы (транспорттық) иммобилизация.

Госпитализациялау кезеңіне дейін шараларды жүргізгеннен кейін, зақымдануды алдын-алуға бағытталған шаралар (қанағу, асфиксия, шок), төменгі жақың транспорттық иммобилизациясын қамтамасыз ету керек.

Бұл шараларға қолданады:

1) Стандартты транспорттық таңғыш – ол қатты, иек асты пращасынан және тіректі қалпақтан тұрады. Соңғысы 3 қосарламалы ілмектен резиналы сақинаны бекіту үшін, олар иекасты аймағына пращаны тығыз бекітеді. Қалпақ қарағұс бұдырын тығыз жауып тұру үшін, ал ілмектер маңдайында байланып тұруы тиіс. Таңғышта қолданатын резиналы сақина қосарламасының санына байланысты, праща сынықтарды қысымсыз ұстап тұра алады немесе төменгі жақтың ығысуын алдын алу үшін оларға қысым түсіруді пилот қамтамасыз етеді. Пластмасса қатқан соң жақаралық бекітуді ілінгіш ілмектер көмегімен және жоғарғы жаққа лигатуралы жіппен, олар резиналы сақинамен 5-7 күні бекітіледі. Егер уақыт өткен соң сынықтардың ығысу белгісі анықталмаса, онда бекіту үшін бір тістік каппалы шендеуіштерді қалдырады.

Төменгі жақ денесінің екі жақты сынығында бір жақты каппалы шендеуіштер қолданады. Осындай сынықтарды репозициялағаннан кейін шендеуіштерді тістерге стиракрил және лигатуралы көмегімен тісаралық бекітуден кейін салады.

ІІ. Х и р у р г и я л ы қ е м д е у ә д і с і.

Хирургиялық емдеу әдісінің жетімділігі:

а) сенімділігі;

б) бір уақыттылығы;

в) беріктілігі;

Хирургиялық емдеудің жетімсіздіктері:

а) қосымша жарақаттар – қанмен қамтамасыздығының бұзылуы; сүйекте дөрекі заттар, олар екіншілік инфицирленуді тудырады;

б) тыртықтар қаылп қояды, эстетикалық жағынан жағымсыз, беттің жұмсақ тіндерінің көріксізденуі;

Хирургиялық емге көрсеткіштер:

1. Тіссіз жақ;

2. Пародонтозды тістер;

3. Баяулаған консолидация;

4. Психикалық патлогия;

5. Дұрыс бітіспеген сынықтар;

Стоматологияық тәжірибеде төменгі жақ остеосинтезінің 2 негізгі бар: сүйекішілік және сүйекүстілік.

Сүйекүстілік остеосинтез сүйектік тігіс арқылы жасалады; металл қапсырма, тавровалы білік, тез қататын пластмасса немесе остеопласт. Сүйекішілік синтез үшін металл стержень немесе жез ілмекті қолданады.

Остеосинтез дегеніміз сынықтардың хирургиялық емі, ол сынық жарықшаларын әртүрлі материалдар көмегімен бекітуге бағытталған. Төменгі жақтың сынықтарына остеосинтезді, жалпы және жергілікті себептерден ортопедиялық емдерді қолдануға болмайтын жағдайларда ғана қолданады.

С ү й е к т і г і с і. Айдаршықты өсіндінің денесінің, бұрышының, бұтағының және негізінің сызықты және ірі жарқыншалы сынықтарда көрсетілген. Тігісті материал ретінде 1Х18Н9Т маркалы тоттанбайтын темірден арнайы амагнитті сапалардан 0,6-0,8 мм сымды қолданады, ЭП-400, ЭК-1, нихром, виталиума, тантола, титан, сонфмен қоса полиамидтті және тоқылған летиланлавсанды жіптер диаметрі 0,7-1 мм.

Сынықтардың орналасуынан тәуелсіз сүйек тігісін салғанда келесі тәртіптарды ұстаған жөн:

а) тігіс материалы өтетін тесікті сыртқы компакты табақшасына сынық сызығынан 1 см алшақтап салу керек, одан өткен тігістер сынық жазықтығына қатаң перпендикулярлы жату үшін;

б) егер сынық саңылауы төменгі жақ және АО негізінің ортасынан тігісті өткізсек ол жақсы нәтиже әкеледі;

в) сүйек тігісін жүргізу үшін арналған тесікті, төменгі жақ тістердің түбірлерін және өзектерінің зақымдап алмайтын жеріне салынады: тігіс жібін өткізуге ыңғайлы болуы үшін борды бір бұрыштан енгізген жөн, ол жақ жиегінің және сынық саңылауының ішкі қырына енгізілетін тесігі жақынырақ болу үшін.

Сынықтың орналасуына және сынық саңылауының орналасуына байланысты көлденең осьта және тік жазықтықта сүйекке тігіс салудың әртүрлі әдістері бар. І л м е к т ә р і з д і т і г і с (ілмек тәрізді) көбінесе көлденең айдаршықты өсіндінің денесінің, бұтағының, төменгі жақ бұрышының сынықтарында қолданады. С е г і с с а н ы т ә р і з д і сүйек тігісі бұрышы аймағында және айдаршықты өсіндінің негізі сынғанда салынады, олардың сынық саңылауы айқын қисық болады

К р е с т ә р і з д і және е к і қ а б а т т ы сүйек тігісті әрбір сынықта екі дара тесік арқылы салады, нәтижесінде мықты бекітіледі. Бірақ осындай тігістерді салғанда төменгі жақ өзектерін жіне түбірлерін зақымдап алу қаупі туады. Бұрыш аймағындағы сынық, сынық саңылауына горизонтальды жазықтыққа бір бұрыштан өтсе, альвеолярлы өсіндіден астына және үстіне, тігістерді араластырып салады ілмек және сегіз саны тәрізді тігістерді салады.

Төменгі жақ денесінің көлденең сынықтарында сынықтарды жақсылап бекіту үшін трапециятәрізді сүйек тігісін салады. Оны тек қана төменгі жиегі кең болса ғана салуға болады

С ү й е к і ш і л і к б е к і т у.

Төменгі жақтың сүйек ішілік бекітуіне (остеосинтез) металл стержень және болатты ілмек қолданады. В.И. Лукьяненко (1956) төменгі жақтың остеосинтезына металл стерженьды ойлап тапқан және сонымен қоса төменгі жақтың сынықтарының әртүрлі жерінде, сүйектің ақаумен және ақаусыз сынықтарында, 1,5-2 см аспайтын сынықтарда қолданады. Сүйекішілік остеосинтезға тоттанбайтын болаттан (маркасы 1Х18Н9Т) жасалған металл стержень қолданады.

С т е р ж е н ь д і е н г і з у ә д і с і. Сынық сызығы бойын жалаңаштандырғанда жақтың бір сынығының төменгі-сыртқы жиегімен, көбінесе сынық сызығынан алдыға 2,5-3 см бормен немесе қол дрельімен төменгі жақтың кортикальды табақшасында тесік жасалады кейіннен енгізілетін стержень жаққа бағыттап кеуекті затқа дейін енгізеді.


4789348341258849.html
4789412084220770.html
    PR.RU™